Қазақстандықтар 318,9 млрд теңге ем-домға жұмсады

Қазақстандықтар зейнетақы жинағының 318,9 млрд теңгесін ем-домға жұмсады.

2021-ші жылдың қаңтары мен өткен жылдың жетоқсаны аралығында «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» бұл бағытта 401 мың 975 өтінішті орындаған. Ал өткен жылы  тұрғындардың арнайы шоттарына аталмыш қор 192,4 млрд теңгені дәл осы ем шараларына аударған. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артық. Тұрғындардың көбі жинақ қаражаты есебінен стоматологиялық қызметке жүгінген екен.