Ұлытау облысында жоғалған екі қойшы табылмай жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бірі 59, екіншісі 45 жаста. Олардың бірі Кіші киік, екіншісі Тоба қыстағынан мал іздеп шығып, қайтып оралмаған. Іздестіру шаралары 8 күннен бері үздіксіз жүріп жатыр. Бірақ нәтиже жоқ. Жоғалғандарды іздеуге Төтенше жағдайлар министрлігінің авиациясы жұмылдырылды.
Дулат Асанов, Азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы:
- «ҚазАвиаСпас» АҚ тікұшағын пайдаланып отырып, аэровизуалды түрде Ұлытау облысында жоғалып кеткен 2 азамат іздестірілуде. Қазіргі таңда іздестіру жұмыстары жалғасуда.
