Бірқатар өңірде қатты аязға байланысты жол қозғалысы шектелді

Қатты аязға байланысты бірқатар өңірде жол қозғалысы шектеліп, оқушылар, колледж студенттері сабақты қашықтан оқиды.

Атап айтқанда, Астана, Көкшетау, Петропавл, Қостанай, Ақтөбе қалаларынан барлық бағыттарға қозғалыс шектеліп тұр. Ал Өскемен-Үлкен нарын тас жолы жабық. Қазір Астанада сынап бағанасы минус 30 градусты көрсетіп тұр. Мамандар осы күндері далаға шықпай үйде отыруға кеңес береді. Қазір еліміздің құтқару, коммуналдық қызметтері күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуде.  Жолда қалып қойсаңыз 1403 немесе құтқару қызметінің "112" телефон нөміріне хабарласыңыз. Естеріңізде болса, "112" қызметінен ресми ескерту алған жағдайда жолға шығудан бас тарту қажет.