«Абай жастары» тұрғын үй бағдарламасына құжат қабылдау жүргізіліп жатыр

Абай облысында «Абай жастары» тұрғын үй бағдарламасына құжат қабылдау жүргізіліп жатыр.

Жаңа бағдарламаға барлық санаттағы жастар қатыса алады. Тек жасы 35-тен аспауы тиіс. Бұған дейін баспана кезегінде тұрған-тұрмағаны да маңызды емес. Ең бастысы, бюджеттік салада кемі 1 жыл жұмыс істегені абзал. Бағдарламаны жүзеге асыруға Семей қалалық бюджетінен 573 миллион теңге бөлінген. Бүгінгі күнге дейін бағдарламаға 300-ден астам адам өтініш берген. Құжаттар 12 қаңтарға дейін қабылданады.       

Диана Шаяхметова, қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы:

- Ешқандай дау-дамай болмас үшін тізім қала, облыс әкімдерінің және біздің инспекцияның сайтына жарияланады. Кімнің қанша балл жинағаны сонда көрсетіледі. Бағдарлама алдағы уақытта жалғасады. Облыс басшылығы да биыл қолдау білдіреді деп ойлаймын.