loader


Ұлттық ұланның құрылғанына 31 жыл толды

Ел қорғаны Ұлттық ұланның құрылғанына 31 жыл толды.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, мемлекеттік нысандардың қауіпсіздігі, қарулы қақтығыстарды болдырмау сынды маңызды жұмыстарды атқаратын үш бірдей әскери бөлім Қарағанды облысында орналасқан. Соның бірі - Қазақстандағы ең ірі 6505 әскери бөлімі. Ондағы сарбаздар айдауыл қызметімен қатар түзету мекемелерін күзетеді. Осы уақыт аралығында әскери бөлімнен ерлігімен көзге түскен талай сарбаз шыққан. Солардың бірімен өңірдегі әріптесім Дәуренбек Бағдәулетұлы кездескен болатын.

6505 әскери бөліміндегі әр сарбаздың саулығы, оларға қатысты заңды талаптардың сақталуына тікелей Ақылбек Қоңыров жауапты. Құрылғанына 66 жыл болған ең ірі бөлімнің 3 облыста әскери құрамы бар. Бас –аяғы бір мыңға жуық сарбаз азаматтық борышын өтеп жүр. Маман олардың барлығына қамалғандарды күзету, оларды сотқа апару кезіндегі айдауыл жұмысының қыр-сырын үйретеді. Айтпақшы, Ақылбек әйел адамды 11 жерден пышақтап, енді оның күйеуі мен балаларына ұмтылған қандықол қылмыскерді тоқтатқаны үшін үшінші дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.

Ақылбек Қоңыров, Ұлттық ұланның 6505 әскери бөлімінің әскери полиция қызметі басшысы:

-Андрей деген көршім, орыс жігіт есік қағып келіп көмек сұрады. Әйелімнің бұрынғы күейуі түрмеден босап келіп, үйде мазамызды алып жатыр, қолында пышағы бар деп. Мен көп ойланбастан киініп астыңғы қабатқа түстім. Владимир деген жігіт қолында пышағы бар, мас күйінде әйел-балашағысн боқтап, балағаттап, әйелін пышақтап жатыр екен. Оны көрген соң қоянқолтық ұрыс тәсілімен жерге алып ұрып, қол-аяғын байлап, полиция қызметкерлерін шақырдым.

Құрылғанына 56 жыл болған 5451 әскери бөлімі де Қарағандыда орналасқан. Мұнда 800-ден астам сарбаз бар. Олардың міндеті қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Мысалы тек өткен жылы әскери бөлім сарбаздары 60-қа жуық қылмыскер мен қоғамдық тәртіпті бұзғандарды ұстаған. Оның 17-сі қылмыстық жауапкершіліктен жалтармақ болғандар.

Арман Сыздықов, Ұлттық ұланның 5451 әскери бөлімі командирінің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі орынбасары:

-Сарбаздар көбінесе өздерінің  батылдықтарын, қызмет атқару кезінде қырағылықтарын көрсетеді. Бір жағдайды айтып кететін болсам есірткіні тасымлдау кезінде, закладчик дейді ғой, соны жұмыс кезінде ұстап алды. Ол ағаштардың арасына тығып, фотоға түсеріп жатқан сол жерді, сол кезде жасақ ұстап алды.

Атап өткен жөн, қос әскери бөлімнің сарбаздары да осыдан бір жыл бұрын қаңтар оқиғасы кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауға өз үлесін қосқан. 31 жыл бойы ұлттық ұлан сарбаздары  бас бостандығынан айырылғандарды күзетіп, қоғамдағы тәртіпті қадағалап келеді. Бейбіт күнде ерлігімен көзге түскен әскерилердің ерлігі сарбаздарға ерлік сабақтарында үлгі ретінде оқытылады. 

Дәуренбек Бағдәулетұлы, Сайлау Игіліков, Зарина Зұлпыхар

Сондай-ақ...