Елордада 30 тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталады

Елордада 30 тұрғын үй кешенінің бірнеше жылға созылған құрылысы биыл аяқталады.

Мәселен, «Пана» тұрғын үй кешенінің құрылысы 8 жыл бұрын басталса, жоспардағы «Ақерке екінің»  тіпті іргетасы да қаланбаған. Шаһар басшысы Жеңіс Қасымбектің айтуынша, бас шаһардағы құрылыс жұмыстары Мемлекет басшысының жіті бақылауында.