Былтыр Астанада 42 762 шетел азаматы тіркелді, бұл 1 жыл бұрынғы көрсеткіштен 30%-ға көп.
Басым бөлігі ресейліктер. Өткен жылы көші-қон заңнамасын бұзушылар саны да едәуір артып, 6 мыңға жуықтаған. 1143 шетелдік сот шешімімен елден шығарылған. Сондай-ақ, шетелдіктерді шақырып, олардың ел аумағында болу ережелерін сақтауын қамтамасыз етпеген 1 278 тұлға әкімшілік жауапқа тартылды. Бұл жайында Астана қаласы Полиция департаментінің көші-қон қызметі хабарлады. Айта кетейік, былтыр 1281 адам Қазақстан азаматтығын алды. Оның 900-ге жуығы этникалық қазақ болса, 389-ы өзге ұлт өкілдері.
Анар Жомартова, Астана Қ. полиция департаменті КҚҚБ бастығының орынбасары:
- 2022 жылы Қазақстанның азаматтығынан шығуға қолдаухатпен жүгінгендер болмады. Қос азаматтыққа қарсы іс-қимыл нәтижесінде өзге елдердің азаматтығын қабылдаған Яғни ҚР азаматтығынан шықпаған 753 азамат анықталды. Оның 43-іне қатысты аазаматтық әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
