Ақтөбеде автобустар оталмай қалды

Ақтөбеде 40-қа жуық автобус жолға шықпай қалды.

Мұнда қала ішінде күніге 230 қоғамдық көлік жолаушы таситын болса, қазір қатары сиреген. Кеше 20, бүгін тағы 13 автобус оталмай қалды. Себебі, аяздан дизель отыны қатып қалып жатыр. Облыс орталығындағы күннің суықтығы 37 градусқа дейін жеткен. Ал тасымалдаушылар барынша тырысып жатырмыз дейді. Болжамға қарағанда ертең күн сынып, аяздың беті қайтуға тиіс.

Руслан Жылқаманов, тасымалдау мекемесінің ресми өкілі:

- Өкінішке орай, мына аязға байланысты кейбір автобустарда ауасы қатып қалып жатыр ішінде, дизель отыны қатып қалып жатыр.  Бірақ оларды қайтадан базаға алып келіп жылытып, қайтадан жұмысқа жіберіп жатырмыз. Мысалы орталық бағыттарда 20 автобустай шығады бізде, кейбір бағыттар бар қаланың сыртына шығатын - оларда 5 автобус. Солай. Бірақ, барлық бағыттарда енді автобустар жұмыс істеп жатыр.