loader


Ұлытауда жоғалған қойшылардың біреуі табылды

Ұлытауда боранда жоғалған 2 қойшының біреуі табылды.

Желтоқсанның 31-і күні Жезқазғаннан қыстауға шығып, хабарсыз кеткен азамат аман-есен. Ал 3-ші қаңтар күні мал іздеп кеткен екінші қойшыны іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Қазір ондаған құтқарушы із кесіп, бірнеше арнайы техника мен 1 тікұшақ аумақты шолып жүр.

Бауыржан Алшынбеков, облыстық ТЖД өкілі:

- Құтқару операциялары оң нәтиже берді деп айтуға болады. Қазіргі таңда жалғасып жатқан іздестіру-құқтару жұмыстары бар, ол Тоба қыстағы бойынша. 3-і күні жұмыскері жоғалды деген хабарлама түскен. Сол бойынша әлі іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл бойынша «Казавиаспас» АҚ тікұшағы жұмылдырылған.

Сондай-ақ...