loader


Астанада 19 рейс кешікті

Бүгін Астанаға ұшып келуі тиіс 13 рейс пен әуе айлағынан ұшуы жоспарланған 6 рейс кестеден кешікті.

«Әуежай штаттық тәртіпте жұмыс істеп жатыр», - дейді баспасөз қызметінің өкілдері. Рейстердің кешігуіне ауа райының қолайсыздығы себеп. Әуежай қызметкерлерінің айтуынша, ұшып-қону жолағындағы қар тазалау жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр. Жолаушылар әуе сапарының уақытына қатысты өзгерістер жайлы нақты ақпаратты call-орталықтардан және анықтама бөлімдерінен біле алады.

Құттықыз Мақсұтова, Шымкент қаласының тұрғыны:

- Ауа райының қолайсыздығына байланысты скат самолеты ұша алай қалды. Енді ертеңге ауыстырып отырмыз. Жағдайға байланысты. Бұдан алдыңғысында 05:20 да ұшады деген. Енді ұшуға болмайды деп тұр.

Әділет Қойлыбаев, Тараз қаласының тұрғыны:

- Бүгінгі ұшатын уақытым 15:00 еді. Содан сағат 22:30 ауыстырды. Сосын хабарлама келген еді сағат 18:00-ге деп. Тағы хабарлама келіп түсті 11-і күнгі сағат 2:30 деп. Сағат 11:30 келген едім әлі осындамын. Себебін сұраған едім айтпады ұшақтар ұшып жатқан жоқ қазір аэропорт жапты дедіма сондай.

Сондай-ақ...