Павлодарда экологиялық ахуал алаңдатады

Павлодарда қоршаған ортаға таралған зиянды қалдықтардың мөлшері шамадан тыс көбейіп кеткен.

Бұл жағдай  қатарынан үш жыл бойы қайталанып отыр. Республикалық көрсеткіш бойынша Павлодар облысының үлесі 30% жеткен. Аймақ ауаның ластануы жағынан көш бастап тұр. Жағдайдың ушыққаны соншалық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі аймақтық экология Департаментінің жұмысына сараптама жүргізуге шешім қабылдады. Оны уәкілетті органмен яғни экологтардың өздерімен бірлесіп жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Дархан Құрақбаев, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің басшысы:

- Алдын алу шараларының нәтижесіне сай ұсыныстар тізімі жасалатын болады. Сол бойынша сыбайлас жемқорлық әрекеттерін тудыратын  жағдайлар мен оның себептері анықталады.

Мағзұм Қоқымбаев, облыстық Экология департаменті басшысының м.а:

- Жұмыс тиімділігін арттыруға бізде мүдделіміз. Жіберілген кемшіліктер болуы мүмкін. Мониторингті уәкілетті орган сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметімен бірлесіп жүргізеді. Бірінші кезекте жұмыс кейбір жәйттерді жақсартуға бағытталады. Оның ішінде ерекше көңіл бөлетін жағдай, ол қоршаған ортаның тазалығына бақылауды күшейту, деп ойлаймын