loader


Қарағанды облысында арматура өндірісі артты

«АрселорМиттал Теміртау» өндіріс қуатын арттырды.

Компания арматура өндіруден рекордтық көрсеткішке қол жеткізген. Былтырғы жылы бір ғана цехта 400 мың тоннадан астам арматура шығарылды. Қазір отандық өнімге Қазақстаннан бөлек, ТМД елдерінің нарығында да сұраныс артып отыр.

«АрселорМиттал Теміртау» 2022 жылы 440 мың тонна арматура өндірді. Бұл соңғы 14 жылда болмаған көрсеткіш. Нәтижесінде жоғары сападағы өнім өндіру жоспары 99,8% орындалған. Енді өнімнің жаңа түрі шығарыла бастады. Қазір 19 және 22 диаметрлі шеңбер материалдар өндіріліп жатыр.

Сергей Голубцов, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ өндіріс жөніндегі директорының міндетін атқарушы:

- Жеткен жетістік зауыт ұжымының еңбегі. Өндіріс көлемін келешекте тағы да арттырмақшымыз. Ол жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізіледі. Қазір қызметкерлерге қолайлы жағдай жасау мәселесіне мән беріп жатырмыз. Ең бастысы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруымыз қажет.

Қазір «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы еңбек қауіпсіздігіне көңіл бөле бастады. Қауіпті жерде жұмыс істейтін қызметкерлерге 80 жаңа газ анализаторлар берілді. Сонымен қатар туннельдер жарықтандырылып, санитарлық-тұрмыстық бөлмелер жөнделуде.

Сергей Голубцов, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ өндіріс жөніндегі директорының міндетін атқарушы:

- Электрқондырғылар және автоматиканы жөндеу және қызмет көрсету учаскесінде көтергіші бар монорельстер орнатылды. Бұл жұмысшылардың жүктемесін азайтып уақыт үнемдеуге мүмкіндік беріп отыр.

Қазір цех жетекшілері біліктілігін арттыру мақсатында оқу курстарынан өтіп жатыр. Бұдан кейін кезең-кезеңімен жұмысшыларды да оқыту жоспарда.

Сондай-ақ...