Алматыда көктайғаққа қарсы жаңа технология қолданылады

Алматының коммуналдық қызметі көктайғаққа қарсы жаңа технология қолдана бастады.

Енді жолға бұрынғыдай қоспа емес,  химиялық реагент ерітіндісі шашылады. Яғни, техникалық тұз. Сұйықтық қар жаумастан екі сағат бұрын немесе қар жауғаннан кейін 40 минуттан соң себіледі. Бұл ең бастысы көктайғақтың алдын алады. Әзірге осындай үш техника жұмыс істеп жатыр. Олар көбіне магистарльді көшелерде жүреді. Егер оң нәтиже көрсетсе, саны тағы толыға түспек.

Айта кетейік, синоптиктердің болжауынша, алдағы екі тәулікте қалаға қалың қар түседі. Аяз болады.

Айдын Шолтықов, коммуналдық мекеменің бөлім басшысының орынбасары:

- Бұрын бізде тұзбен араласқан құм шашатынбыз. Ол кейін қала жолдрында балшық болып, қап-қара болып халыққа қолайсыздық тудыратын. Бұл машинаның ерекшелігі бұл реагент тұз бен су араласқан. Ерітіндімен артында ешқандай қоқыс қалмайды. Қарға қаратай регулировка жасалады. Квадрат метріне 10%-30% дейін.