loader


Бірқатар өңірде көлік қозғалысы шектелді

Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар өңірде көлік қозғалысы қиындады. Атап айтқанда, Астана, Көкшетау, Қарағанды, Жезқазған қалаларынан барлық бағыттарға қозғалыс шектелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ Екатеринбург-Алматы, Ақтөбе-Денисовка, Арал-Ақшелек және Изобильное-Сағыз тас жолдарында да шектеу қойылды. Ал Чунджа-Байсейіт автожолында көліктің барлық түрлері үшін жол жабық тұр. Қазір Астанада сынап бағынасы минус 31 градусты көрсетеді. Мамандар осы күндері далаға шықпай үйде отыруға кеңес береді. Қазір еліміздің құтқару, коммуналдық қызметтері күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуде. Жолда қалып қойсаңыз, 1403 немесе құтқару қызметінің «112» телефон нөміріне хабарласыңыз.

Сондай-ақ...