536 мыңға жуық тұрғын қарызын төлей алмай жүр

Ресми түрде жарияланған «Азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заң бойынша өтініштерді қабылдау 3 наурызда басталады. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерлан Жамаубаев мәлімдеді. Оның айтуынша, аталған құжатта борышкерге несиесін төлеуде тиімді жолдар қарастырылған. Мәселен, азаматтарға Сот арқылы қарызын бөліп төлеу мүмкіндігі бар. Оның артықшылығы – борышкер «банкрот» есебінде саналмайтын болады. Сондай-ақ Қаржы министрі кредиттің пайыздық мөлшерлемесін азайту бойынша да жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

Еске салсақ, қазіргі таңда еліміздің 1,5 миллионнан астам тұрғынының несиелік қарызы бар. Оның 536 мыңға жуығы қарызын уақытылы төлей алмай жүр.

Ерұлан Жамаубаев, ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Қаржы министрі:

- Биылғы жоспарланған қаржы қадағалау агенттігінің жұмысында көзделген 56% қазір өте жоғары. Оны бәріміз білеміз. Қазір енді жаңа методика бойынша 35-40%-тен аспауы керек. Сол кезде халыққа да жүктеме азаяды. Бұл жұмыс жүргізіліп жатыр.