Семейде қар тазалау техникасы жетіспей жатыр

Семейде көше тазалығы көңіл көншітпейді.

Коммуналдық қызмет мамандары шаһардағы қар мен мұзды тазартып үлгере алмай жатыр. Себебі, арнайы техника жетіспейді. Қазір қаладағы тазалық жұмысына бар болғаны 100-ге жуық көлік тартылған. Бұл өте аз. Жергілікті әкімдіктің есебінше, шаһар дер кезінде тазалануы үшін 300-ге жуық арнайы техника мен осынша жұмысшы қажет. Қала билігі түйткілді мәселені мердігер компаниялардың санын ұлғайту арқылы шешуді жоспарлап отыр.

Әділбек Увасилов, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы:

- Мердігер компанияға қатысты қиындық бар. Кешігіп қалады. Қазір біз қаланы бес лотқа бөліп, бес конкурс өткізуді жоспарлап отырмыз. Соған сәйкес 5 мердігер компания болады. Конкурс аяқталған соң белгілі болады.