Қарағандыда «тегін такси» науқаны басталды

Қарағанды төңірегінде де 35-39 градусқа дейін аяз.

Түкірік жерге түспейді. Жолаушылардың өзге аймаққа бармақ түгілі қала ішінде қатынауы қиын. Осы себепті Әнет баба атындағы мешіт жамағаты аялдама мен далада жүрген жолаушыларды тегін жеткізуді қолға алды. Қазірдің өзінде бұл бастамаға 100-ге жуық ерікті қатысуға ниет білдірген. Олар қала бойынша жарты мыңға жуық адамды діттеген жеріне тегін жеткіді. Тіпті жанармай бекеттерінің бірі еріктілерге тегін бензин құйып берген. Сондай-ақ дін өкілдері тек қала орталығы емес, аудан мен ауыл тұрғындарын да қайырымдылық шарасына қатысып, көшедегі адамдарды қақаған аязда далада қалдырмауға шақырады. Ұйымдастырушылар бұл қайырымдылық шарасы қыс біткенге дейін жалғасады дейді.

Толқын Нұрғалиева, қала тұрғыны:

- Енді мынандай қақаған аязда балалар түгілі үлкендер де тоңады. Осындай қайырымдылық шарасы үшін ұйымдастырушыларға Қарағанды халқының атынан алғысымды айтамын. Осындай қиын уақытта бір-біріне көмектесетін бауырмал мұсылмандарға алғысымды айтамын.