Алматыда көктайғақ болады деп күтіліп отыр

Алматыда екі тәулік бойы қалың қар жауып, ауа температурасы күндіз 15, түнде 18 градусқа дейін төмендейді.

Аяз сақталып, соның салдарынан көктайғақ болады деп күтіліп отыр. Казгидромет мәліметінше, одан кейінгі күндері 25 градусқа дейін қатты суық болады. Бұл тұрғыда жергілікті Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды қала сыртына шықпауға, қалың киініп жүруге және жүргізушілерді жылдамдықты асырмауға шақырды. Қазір шаһардың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ өндірістік базаларда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.