loader


Енді қаржы пирамидаларын лезде анықтауға болады

Ол үшін азаматтар ұйымның сайты, не әлеуметтік желідегі аккаунтының сілтемесін Қаржылық мониторинг агенттігі дайындаған Telegram ботқа енгізу керек.

Күмәнді нысан "Кибер-бақылау" жүйесінің көмегімен бұғатталған болса, пайдаланушыға дереу хабарланады. Еске салайық, былтыр агенттік қаржы пирамидаларын ұйымдастыру фактісі бойынша 85 қылмыстық істі аяқтады. Биыл 29 ұйым жойылды. 23 адам сотталды.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

- Егер компания инвестициялық нарықтың адал субъектілері болып табылса, тиісті жауап сәйкес анализден кейін жіберіледі. Сонымен қатар сізге табыс ұсынатын компанияның БСН арқылы тексеруге болады. Іске қосудың бірінші кезеңінде Telegram мессенджерінде бір аккаунттан тәулігіне 5 реттен көп сұрау жіберу мүмкін емес.

 

Сондай-ақ...