Былтыр Қазақстаннан Ресейге 6,5 мың көлік әкелінген

Бұл туралы Ресей федералдық кеден қызметі жариялады.

Себебі санкциялардың салдарынан Ресейге көп шетелдік брэндтерді жеткізу мүмкін болмай қалған. Сондықтан жергілікті тұрғындар оларды көлік шығарушылардың рұқсатынсыз көлеңкелі жолмен тасымалдауға көшкен. Тіпті ресейліктерге логистиканың күрделілігі мен заңға қайшы жүйелер де кедергі емес.

Антон Шапарин, Ұлттық көлік одағының вице-президенті:

- Қазір құны 25 мың доллар тұратын жапон көлігі Қазақстанда заңдық тұлғаға кеденнен 11-12 мың долларға рәсімделеді. Мысалы, Біріккен Араб әмірліктерінен Кедендік Одаққа кіргізуге тыйым салынған Еуро-0 санатындағы көліктер Қазақстанға әкелініп, сынақ зертханаларында Еуро-5-6 санатындағы көліктер деген құжаттар алады.

Бірақ мұндай көліктерді Ресей аумағына кіргізу заңды тұрғыдан қиындықтар туғызуы мүмкін. Қазір бұл елде кеден салықтарын қайта есептеу механизмі қарастырылып жатыр.