Желіде омикрон штамының аса қауіпті XBB түрі таралғандығы туралы ақпарат жалған

Елдің бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова «Өлімге алып келуі мүмкін» деп елді дүрліктіріп, вирустың негізгі белгілерін сипаттаған хабарлама шындыққа жанаспайтынын айтты.

Айжан Есмағамбетова, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері:

- Бүгін біз әлеуметтік желілер арқылы «Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды» деп түрлі қорқынышты дүниелер жазылған хабарламаның таратылғанын көрдік. Омикронның жаңа түрі әлемде бұрыннан кең тараған штамға жатады. Ол 38 елде анықталған. Оның қаншалықты қиын өтетіндігі немесе белгілері жайында нақты мәлімет жоқ. Әзірге тек бақылау жүріп жатыр. Ал өзге ешқандай вирус түрі анықталған жоқ.