loader


«Сыр елі жастары» жеңіл ипотека беру бағдарламасы іске қосылмақ

Қызылорда облысында биылдан бастап «Сыр елі жастары» атты жеңілдетілген ипотекалық несие беру бағдарламасы іске қосылмақ.

Бұған түрлі қаржы көздерінен 1 млрд 700 миллион теңге қаралып отыр. Сыр өңірінде 30 мыңнан астам азамат баспана кезегінде тұр. Соның 7 мыңға жуығы жастар екен. Қатысушыларға қойылатын басты талап, кейінгі 2 жылда облыста тіркеуде тұруға тиіс. Бағдарламаға  18 бен 35 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Жеңілдетілген несие 19 жылға 5 пайыздық үстемемен рәсімделеді. Алғашқы жарна ретінде баспана құнының 10 пайызы төленеді. Бағдарламаға білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет, журналистика салаларында еңбек етіп жүргендер, сондай-ақ мемлекеттік, азаматтық және әлеуметтік қызметкерлер де қатыса алады. 

Гүлнар Сәрсенбай, облыстық қоғамдық даму басқармасының бөлім басшысы:

- Қазіргі таңда біз қаржының көлеміне сәйкес 100-130 жасқа үй беріледі деп жоспарлап отырмыз. Үйлердің бағаларын 13-14 млн теңгеден асырмауға байланысты жұмыс жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ...