Астаналықтар жұмысқа конькимен қатынап жүр

Елордалықтар жұмысқа конькимен қатынап жүр.

Бірнеше күн бұрын жаяу жүргіншілер жолы көктайғаққа айналған еді. Содан бері көшелер әлі толық тазаланбады. 

Бекзат Аманов, тілші:

- Конькимен осылай емін-еркін сырғанағанға мұз айдынында жүр деп қалмаңыздар. Біз бас қаланың орталығындамыз. Арқаның аязы алқымнан алғанда шаһардағы тратуарлар осындай көктайғаққа айналды. Бірнеше күн өтті. Жұрттың жүріп-тұрысы біршама қиындады. Тіпті кей тұрғындар қыстық аяқ қиімін конькиге айырбай бастады. 

Етігін конькиге ауыстырған тұрғынның бірі Диас Әбдірахман. Көктайғақты ермегіне айналдырған ол конькиді көлік етіп жүр. Көшедегі айнадай мұзды көріп, еркін сырғануға болатынын байқадым дейді ол.

Диас Әбдірахман, қала тұрғыны:

- Жұмыстан шыққанда көктайғақты көзім шалды. Көшедегі айнадай мұздың үстімен коньки арқылы сырғанауға болатынын бірден байқадым. Осылайша, қызығушылықпен видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктедім. Артық астар болмады. Бірақ, сол бейнетаспадан кейін әкімдіктегілер мен жүріп өткен жолды қайта қалпына келтірдік деп хабарлады.

Көшедегі қалың мұз біреуге ермек болса, енді біреулер жерге құлап, жарақат аламыз ба деп үрейленеді. Тратуардан бөлек, аялдамалардағы мұз да әлі алынбаған. Адымды аңдып басатын болдық дейді тұрғындар.

БЛИЦ:

- Таңертең жұмысқа барғанда қиналамыз. Шыққанда құлаймыз ғой. Бізде жұмыста бір қыз құлап қалып, қолын сындырып алды.

- Адамға өте қауіпті. Жүру өте қиын. Осы жылы 5-6 рет құладым. Бірақ шама келгенше еш жерді сындырмауға, ауыртпауға тырысамыз. Қиындау.

- Барлығы осындай. Остановкадан қараңыздар автобус ана жерден тоқтайды. Мына жердің бәрі мұз. Ешқандай аяқ киімнің асты мұзға қарсы неғылмайды.

Иә, расымен мұз тұрғындарды әуре-сарсаңға салуда. Көктайғақтан құлап, дене жарақатын алып жатқандар жиілеген. Соңғы үш күннің ішінде 300-ден аса адам дене жарақатымен ауруханаға қаралды. Үскірік аяздан үсік шалып жатқандар да бар. Әсіресе, саусақ пен құлағы үсіп келген науқастар көп дейді дәрігерлер.

ГРАФИКА:

                           Көше жарақатын алған                  Үсік шалған

9-қаңтар                     106                                                   2

10-қаңтар                   106                                                   9

11-қаңтар                   101                                                   8

 

Алексей Солод, травматолог:

- Жарақат алып, дәрігер көмегіне жүгініп жатқандар бар. Көктайғақтан құлап, денеңіздің ауырғанын байқағанда дереу дәрігерге қаралған дұрыс. Тіпті кейде науқастар бел, жасбас жарақатын алып жатады. Ондай жағдайда жедел жәрдемді шақыру керек. Әйтпесе ауру асқынып кетуі мүмкін. 

Ендігі мәселе балалар денсаулығында. Дәрігерлердің айтуынша, әдетте бүлдіршіндер аяз күндері үйде болады, кейін күн жылығанда жаппай далаға шыға бастайды. Сол кезде көктайғақтан құлап, жарақаттанатындар саны күрт артады. Бірер күнде күн райы қалпына келіп, ойын қуған қаракөздер көшеге шықса, олардың саны тағы көбейеме деген қауіп бар.

Олжас Байназаров, травматолог:

- Астана соңғы аптада -30дың аймағына шықты, осы жағдайға байланысты бізде күр азаяды. Өйткені мектептерді бәрі дистанционна, балалар далаға шықпайды. Күн жылынған кезде. - 15 болсын, -20 болсын сыртқы катоктар, балаларға арналған демалыс орындарынан көп жарақат алып келіп жатады. Көбінесе аяқ-қолдың сынықтары, сіңірлердің жыртылуы, созылуы көп орын алып жатады.

Ал жауаптылар көктайғақ мәселесін жақын арада шешеміз деп уәде беріп отыр. Бір ғана Байқоңыр ауданында 240-тан астам техника мен 353 адам тартылған. Көшелерді қардан тазалау жалғасуда. Ал көктайғақты бір аптаның ішінде тазалау жоспарда бар.

Ришат Тұрдыбеков, Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары:

- 37-ге дейін суып кетті ғой, біз ол кезде жұмыс істей алмай қалды. Өздеріңіз білесіздер жұмыскерлерімізді шығарған жоқпыз, 3-4 сағаттан шығарып отырдық. 2200-ден астам техника шықса бір-екі сағаттың ішінде сынып қалып жатты. Жөндеп қайттан шығарып жаттық.

Алдағы уақытта табиғат тағы тосын мінез көрсетсе қала тағы мұздың астында қала ма? Дәл қазір жауаптылар осы сұрақтың да жауабын іздеу керек сыңайлы.

Бекзат Аманов, Диас Кобланбаев