Ақмола облысында республикалық бағыттағы жолдар жабылды

Ақмола облысында қолайсыз күн райы салдарынан республикалық бағыттағы жолдар жабылды.

Әсіресе Астана – Ерейментау – Шідерті тас жолында жағдай қиын. Онда боран салдарынан көру нашарлаған. 

Абзал Азаматұлы, тілші:

- Иә, өңірдегі ахауал әлі де күрделеніп тұр. Қатты боран салдарынан бір тас жол жабық. Қалған бағыттағы жолдар  ашық тұр. Қазіргі таңда аймақтағы сынап бағанасы сәл төмендеді. Оқушылар қалыпты режимде білім алуда. Құтқарушылар мен тәртіп сақшылары барлық бағыттағы жолдарды қатаң қадағалап отыр. Жалпы қыс басталғалы өңірде жеті мыңнан астам адам  құтқарлыды. Бірнеше жылыту бекеті де қарастырылған. Мендегі бар ақпарат әзірге осы.