loader

Түркістан облысы Бағыс ауылына газ толықтай берілді

Түркістан облысы Бағыс ауылына газ толықтай берілді

Түркістан облысы Бағыс елді мекеніндегі тұрғын үйлерге табиғи газ толық берілді.

«ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясының баспасөз қызметі газ құбырындағы апат жойылып, желілер қалпына келтірілгенін мәлімдеді. Еске салсақ, 10 қаңтарда екі жүзден астам абонент көгілдір отыннан ажыратылып, қақаған қыста тұтас ауыл жылусыз қалған еді.

Авариялық қызмет газ құбырында қатқан мұзды екі тәулік бойы ерітті. Магистралды желілердің бірнеше жерін кесіп, кесек мұздардан тазартты. Қазір мамандар үй-үйді аралап, газ қысымын тексеріп жүр. Елді мекенге табиғи отын тарту жұмыстарына бюджеттен 128 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінген. Құрылыс жұмыстары 2021 жылы аяқталып, пайдалануға берілген. Бірақ содан бері төртінші рет дәл осындай жағдай қайталанып отыр.

Сондай-ақ...