Шығыс Қазақстан облысында 71 елді мекенге су басу қаупі төніп тұр.
Жергілікті әкімдік пен Төтенше жағдайлар департаменті мұны болдырмау үшін дайындықты алдын ала бастап кетті. Мәселен, арық-тарды тазалап, оларды тереңдету, сондай-ақ өзендердің жағалауларын бекіту жұмыстары қолға алынды. Ал аймақтағы 102 көпір мен 1503 су өткізгіш құбырдағы судың деңгейі жауаптылардың тұрақты бақылауында. Қазір 71 елді мекеннің 15-іне төнген қауіп-қатер жойылды. Ал 46-сында қауіп барынша азайтылды.
