loader


Семейде шенеуніктер 38 млн теңгелік кресло сатып алмақ болған

Семейлік шенеуніктер құны 150 мың теңгелік креслоны 38 млн-ға сатып алмақ болған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Абай облыстық департаменті осындай фактіні анықтады. Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, қалалық Мәдениет сарайының басшылығы мемлекеттік сатып алуды жоспарлау барысында өрескел кемшіліктерге жол берген. Мәселен, нарықтағы құны біршама төмен болса да, ғимараттар мен құрылыстарды қайта жаңғыртуды жобалау қызметін 1 млрд теңгеден асыра бағалаған. Департаменттің ықпалымен өткен жылы мемлекеттің 460 млн теңге қаражаты үнемделген.

Рүстем Тоқбергенов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары:

- Мұндай жұмыстар 10 млн теңгеден аспайды негізі. Республика бойынша мониторинг жасадық. Бағаның шектен тыс көтерілгенін анықтадық. Ұсынысымызды осы мекеменің басшылығына жолдадық. Олар қайта қарап, мемлекеттік сатып аолудың күшін жойды.

Сондай-ақ...