Еліміздің медиа саласында өзгеріс болады

Қазақстандық медиа саланы дамытудың 5 жылдық тұжырымдамасы жасалады.

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырлі кеңейтілген алқа отырысында айтты. «Масс-медиа туралы» Заңның жұртшылық талқылауына шығарылуы жаңа кезеңге басқан алғашқы қадам болып отыр. Бұдан бөлек, онлайн-платформалар мен интернет-жарнаманың қызметін реттейтін жаңа заң жобасы әзірленіп жатыр. Қазір жоба «Ашық нормативтік-құқықтық актілер» порталында қоғамдық талқылауға қойылды. Онда журналистердің статусын көтеру мәселесі де қарастырылған. Мемлекеттік ақпараттық саясатын қаржыландыру механизмдері мен хабар тарату трендтері өзгереді.

Алтай Көлгінов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

- Қазіргі уақытта аса маңызды мәселелердің бірі ол отандық медиа кеңістігіміздегі қауіпсіздік. Елімізге зиян келтіретін жалған ақпараттан халқымызды қорғау мақсатында жүйелі жұмыс атқалуы тиіс. Бұл ретте ақпараттық қауіпсіздік доктринасының сапалы пысықталуы еліміздің қауіпсіздігі үшін өте маңызды. Отандық контенттің сапасын жылдан жылға арттыруымыз керек.

Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

- Президент тапсырмасына орай, Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022-2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасы дайындалды.  Еліміздің саяси өміріндегі маңызды іс-шаралардың бірі 50 елден 100-ден астам делегация қатысқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі өтті. Конгресс кезінде Рим Папасы Францисктің елімізге мемлекеттік сапары да маңызды оқиға болды. Қазіргі уақытта Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің 2023-2033 жылдарға арналған даму тұжырымдамасы әзірленуде.

Сондай-ақ...