loader


Атырауда әр сала бойынша кеңес беру орталығы ашылды

Атырауда тұрғындарға әр сала бойынша кеңес беруге арналған «AMANAT SERVICE» орталығы ашылды.

Өңірге арнайы барған Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов орталықты ресми түрде ашты. Тұрғындар онда барып, «бір терезе» қағидаты негізінде өзін мазалаған сауалға қатысты нақты жауап ала алады. Мамандар азаматтардың өтініштерін қабылдап, оңтайлы шешуге жәрдемдеседі. Сонымен қатар сәулет, еңбек, тұрғын үй қатынастары саласы және халықты толғандыратын өзге де мәселелер бойынша заңнамалар түсіндіріледі. Бұл бастама - тек Атырауда ғана ашылған теңдессіз жоба.

Абдолла Ідірісов, AMANAT партиясы облыстық филиалының төрағасы:

- Бұл орталықта 11 қызмет түрі бар. 6 қызмет мемлекеттік органдармен жұмыс жасайды. 5 қызмет, ол - партияға қатысты қызметтер. Мемлекеттік органдармен арнайы жасақталған меморандум бойынша жұмыспен қамту, денсаулық саласы, еңбек қатынастары заңдарын реттеу, еңбек дауларын шешуге және жұмысқа орналастыру бағытында қызмет жасайды.

Сондай-ақ...