Биыл Қазақстан бойынша 1 млн адам жұмыспен қамтылады

Бұл мемлекет басшысының «10 мың адамға шаққанда 100 жаңа жұмыс орнын құру тапсырмасы және басқа да ұлттық жобалар аясында жүзеге асырылады.

Сонымен қатар жастар практикасы мен әлеуметтік жұмыс орындарын құруға 131 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова брифинг кезінде мәлімдеді. Бұл жолы орта жастан асқан жұмыссыз әйелдер де назардан тыс қалмайды. Министрлік талдау жүргізіп елде мыңға жуық әйелдің 50-ден асқанын анықтады. Оның 325 мыңы ешқашан жұмыс істемеген. Сәйкесінше еңбек өтілі жоқ. Енді оларды жұмыспен қамту үшін министрлік «Күміс жас» жобасын жүзеге асырады.

Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

- Көпшілігі баланың қарауымен отырған азаматшалар сондықтан да біз осы проектіні сол азамттарға, сол азаматшаларға қатысты жасайтын болдық. 50 жастан бастап. Зейнетақы жасына да бұл байланысты болады ертең зейнеткерлігіне де шыққан кезде де қажет болады деп. Сондықтан да осы мемлекет тарапынан ашылатын жұмыс орындарына негізінен жұмыс істемейтін азаматшаларды тартуды қарастыратын боламыз.