loader


Таразда «Бүркіт» арнайы жасағының жаңа ғимараты пайдалануға берілді

4 қабатты нысан Ұлттық ұланның 5513 әскери бөлімі аумағында орналасқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Апатты саналатын казарманы жөндеуге жергілікті бюджеттен 300 млн теңге бөлінді. Толық жаңартылған ғимарат базасында жауынгерлік дайындықты шыңдауға арналған 40-қа жуық кабинет бар. Арнайы жасаққа арналған асхана мен жатын орын, қару сақтау қоймасы да – осында. Жедел қимылдайтын жасақ өңірде наурыз айында құрылған болатын. Ашылу салтанатында құпия жасақ қолданатын қару-жарақ пен киім үлгілері таныстырылды.

Ғазиз Кәдірбек, ҚР Ұлттық ұланы 5513 әскери бөлімінің командирі:

- «Бүркіт» арнайы жасағының басты тапсырмалары ол терроризмге қарсы күресу және жаппай қауіпсіздікті сақтау, қауіп төнген жағдайда жеке құраммен соның алдын алу. Біздің «Бүркіт» арнайы жасағымыз Қазақстан бойынша сапасы және дайындығы жағынан мықты арнайы жасақтардың бірі болып келеді.

Сондай-ақ...