Қызылордалық оқушы асқабақтан экосабын жасады

Асқабақтан сабын жасауға болады. Қызылордалық оқушы Айша Тұрмаханның ерекше өнертабысы зерттеу жобалары байқауында «үздік» деп танылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол түрлі майларға асқабақ және оның дәндерін қосып, көздеген нәтижеге қол жеткізіпті. Асқабақ құрамындағы дәрумендер мен минералдар, қышқылдар мен басқа да микроэелементтер терінің саулығына әсерін тигізеді, - дейді Айша Тұрмахан. Ол алдағы уақытта экосабын мен түрлі маскалар әзірлеу мақсатындағы ізденісін жалғастыра бермек. 

Айша Тұрмахан, оқушы:                                    

- Асқабақтан 3 түрлі сабын жасап шығардым. Бірінші сабынға келсек, бұл – желатинді сабын. Желатинді сабын жасау үшін желатин, глецерин және асқабақ шырыны қажет. Одан түрлі бетке арналған маска жасайтынын және асқабақтан көптеген пайдалы нәрселер жасайтынын білдім. Сондықтан асқабаққа деген қызығушылығым оянып, өзімнің қолыммен жасап көрейін деп шештім.