Екібастұздағы жеке тұрғын үйлер жылудан уақытша ажыратылады

Екібастұздағы 48 жеке тұрғын үй уақытша жылудан ажыратылады.

«ЕкібастұзТеплоЭнергоның»  хабарлауынша, бүгін сағат таңғы 9-дан түнгі 10-ға дейін Аманкелдіден Бұхар жырау көшесіне дейін жылу желісінде жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Сондай-ақ таңғы 9-дан кешкі 5-ке дейін кварталішілік жылу жүйесін НО-19И-ден Дружба көшесіне дейін өшіру жоспарланып отыр. Аталған көшелердегі 74 жеке тұрғын үй жылудан уақытша ажыратылады. Сонымен қатар жөндеу жұмыстары салдарынан Нұралин көшесіне дейін орналасқан 49 тұрғын үйде жылу уақытша өшіріледі.