loader


Түркістан облысына қарасты ауыл жолдарына құм себілді

Кейбір жылдары мүлдем қар көрмейтін Жетісай ауданының кей ауылдарында биыл ақ ұлпаның қалыңдығы 30 см-ге дейін жетті.

Салдарынан аудандағы коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің жұмысы қиындады. Олар күн-түн демей Жетісай қаласы мен аудандағы барлық ауылды ашып, әлеуметтік нысандарға апаратын көшелерді қардан тазалауға кірісті. Осыны байқаған Сайлау ауылының жігіттері жиналып, ауылішілік жолдарды қардан асарлатып тазалады. Ауызбіршілік танытып, көктайғақ болмас үшін бірнеше елді мекен арасындағы жолға құм шашып, тұз сеуіп шықты. Осылайша көктайғақта көлікпен қорықпай жүруге жағдай жасады. Игі бастаманы Асық ата кентінің тұрғындары да жалғастырды. Ауыл кәсіпкерлері техникаларын тегін беріп, жанар-жағармаймен қамтамасыз еткен.

Сәрсенбай Айтбаев, Сайлау ауылының тұрғыны:

- 150 баладай ауылымыздан шықты. Оның 70-80 ауылды тазаласа, қалғаны мына жолға шықтық тазалауға. Биыл қыстың қатты болуына байлансты Үкіметке арқа сүйей бермей мына жүргузішілерге жақсы жағдай жасайық деп бірігіп, асармен осы жолға құм тастадық. Баршыңызды осындай жақсылыққа шақырамын.

Сондай-ақ...