loader


Еңбек құлдығына түскендер отандастарымыздың саны көп болуы мүмкін

Былтыр маусым айынан бері Оңтүстік Шығыс Азияда еңбек құлдығына түскен 8 азамат Қазақстанға қайтарылды.

Алайда «Алтын үшбұрыш» атауымен белгілі аймақта әлі бірнеше отандасымыз құлдықта жүруі мүмкін. «Бірақ бұл ақпаратты анықтау қиынға соғып отыр», - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров. Өйткені азаматтарымыздың ақшасы жетпейді немесе қиын жағдайда қалғанын жариялағысы келмейді. Мәлім болғандай, халықаралық қылмыстық топтар үшінші тараптың көмегімен, сондай-ақ әлеуметтік желі мен мессенджерлер арқылы шетелдік азаматтарды Таиландтағы компанияларға жұмысқа тұрғызады. Одан кейін түрлі сылтаумен Мьянма мен Лаостағы криптовалютамен айналысатын компанияға жібереді-мыс. Елге қайтқысы келгендерге қысым жасалады. Оның үстіне жол ақысы, виза, өзге де шығындар сияқты компанияның шығынын өтеу үшін 5-10 мың АҚШ доллары талап етіледі.

Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

- Мәлім болғандай жәбірленушілер Еуропа мен Америка азаматтарынан алаяқтық жолмен ақша шығаруға машықтанған қылмыстық компанияларға көбінесе аудармашы, немесе клиенттермен тікелей жұмыс істеуге жұмысқа қабылданады. Жұмыстан бас тартқан жағдайда азаматтарды басқа қылмыстық істері ұқсас компанияларға тағы да 5-7 мың долларға сатып жібереді екен. Оған қоса, зорлық-зомбылық пе психикалық қысым жасайды, тамақ бермейді және тағы да басқа әдістермен қорқытады екен.

Бұған дейін өрімдей екі жігіт Қазақстан елшілігіне хабарласып, құлдыққа түскенін айтқан. Оларды елге қайтарудың жолдары қаралып жатыр. Қазіргі таңда Таиланд, Лаос және Мьянманың үкіметтері және халықаралық ұйымның көмегімен еңбек құлдығының схемасы анықталып жатыр. Елдің Сыртқы істер министрлігі еңбек құлдығына түскен азаматтарды, амалын тауып елшілікке хабарласуды сұрайды.

Сондай-ақ...