Астана маңындағы елді мекендер дамиды

Астана маңындағы елді мекендер дамиды. Бұл бағытта 2025 жылға дейінгі кешенді жоспар дайын.

Әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселесі ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте қаралып қолдау тапты. Жобаны республикалық бюджет комиссиясы да мақұлдап отыр. Енді Бас қаланың төңірегіндегі ауылдарда мектеп,  балабақша, автожолдар, газ, жылу, электр және сумен қамту жұмыстары жанданады. Дәл осындай жұмыстар 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдама жобасы аясында өзге де ауылдық аумақтарда іске асады.  Сондай-ақ кеңесте республиканың отын-энергетика кешенін 2026 жылға дейін және электр энергетикасы саласын 2032 жылға дейін дамыту тұжырымдамаларының жобалары қаралды. Үкімет басшысы ұсыныстар мен ескертулерді ескере отырып, оларды пысықтауды тапсырды.