loader


Ақтөбе облысында ақбөкен мүйіздері тәркіленді

Ақтөбе облысында ірі көлемдегі ақбөкен мүйізі тәркіленді.

Бұл полиция мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті қызметкерлерінің бірлесе жүргізген жедел – іздестіру шарасының нәтижесі. Құқық қорғаушылар Байғанин ауданының аумағында 30 жастағы азаматтың басқаруындағы көлікті тоқтатып, оны тексеру барысында 416 дана ақбөкен мүйізін тапқан. Жүргізуші Батыс Қазақстан облысының тұрғыны. Ол Ноғайты ауылынан жолға шыққан. Ал Қарауылкелді елді мекенінен қозғалған тағы бір көлікті тоқтатып тінту барысында салонынан 643 дана киік мүйізі табылды. Қазір осы деректер бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ...