loader


Тұрақсыз жұмыс пен аз табыс ауылдықтарды алаңдатады

Осының әсерінен елді мекендегі қам-қарекет тұралап, жастар қалаға жаппай көшіп жатыр.

Алыстағы ағайынның мұң-мұқтажы бүгін елордада өткен «Ауыл» партиясы Саяси кеңесінің Президиумы мен «Қазақстан фермерлер қауымдастығының» бірлескен отырысында көтерілді. Жиында ауылдағы инфрақұрылымды дамыту, жұмыс орындарын ашып, табыс көзін арттыру мәселелері қаралды. Сондай-ақ, коммуналдық қызметтің құны жайлы да айтылды. Келелі кеңесте жан-жақты талқыдан өткен ұсыныстар Үкіметке беріледі.

Төлеутай Рахымбеков – «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары:

- Тереңде жатқан проблемалар шешілмейді. Соның ішінде біздің ойымызша, елді мекендердегі халықтың табысы проблемасын шешу керек. Қандай керемет ғимарат, мектеп-ауруханалар, керемет автобан салынса да егер де халықта табыс болмаса тұрғындар көшіп кетеді. Ең бірінші осы табысқа қарауымыз керек. Сондықтан осы экономика жағынан қарауымыз керек. Екі аптадай уақыт өзімізге аламыз деп отырмыз. 30-қаңтарға дейін ұсыныстарды әзірлеп береміз.

Сондай-ақ...