loader


Дәрігер Юрий Шумковты өлтірген қылмыскерге үкім шықты

Алматылық гастроэнтеролог-дәрігер Юрий Шумковты өлтірген Нұржан Тұрсынбаев 18 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ол жазасын қатаң режимдегі түрмеде өтейді. Үкімді қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Еркін Майшынов оқыды. Сот сондай-ақ Шумковтың жесіріне айыпталушыдан 15 млн теңге көлемінде моральдық шығынды өтеуді міндеттеді. Бұған қоса марқұмды жерлеуге кеткен 4,6 миллион теңге шығын өндірілетін болды.

Айта кетейік, мемлекеттік айыптаушы Нұржан Тұрсынбаевқа 20 жыл жаза сұраған болатын.

Еске сала кетейік, қылмыскер былтыр 4 сәуір күні таңертең дәрігерді атып өлтіріп, ізін суытқаннан кейін Шаңырақ ықшам ауданында ұсталды. Осылайша, бірнеше айға созылған сот процесіне бүгін нүкте қойылды. Алайда айыпталушы сот ғимаратына келген жоқ. Ол үкімді тергеу изоляторында отырып тыңдады. 

Еркін Майшынов, қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы:

- ҚК 287 бабы, 2 бөлігі бойынша 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. 287 бабының 3 бөлігі бойынша 2,6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. 380 бабы, 1 бөлігі бойынша 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. 99 баптың 2 бөлігі 2 тармағы бойынша 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. ҚК 58 бабы, 4 бөлігіне сәйкес жазаларды ішінара қосу арқылы түпкілікті Тұрсынбаев Нұржан Тұрғынбайұлына 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын.

Сондай-ақ...