Оралда үшем дүниеге келді

Боранғаливтер отбасында жарық дүние есігін ашқан нәрестелерге Айназ, Айзада және Айдана деген есім берілді.

Он шақты күн дәрігерлер бақылауында болған шақалақтардың жағдайы жақсы. Айта кеткен жөн, былтыр облыста 6116 сәби өмірге келген. Егіздер саны 76. Сонымен қатар үш үшем де аман-есен өсіп жатыр.

Талап Боранғалиев, әкесі:

- Одан бөлек 10-сыныпта оқитын балам мен 7-сыныпта оқитын қызым және 1-сынып оқитын балам бар. Алланың қалауымен алтауымыз енді. Үш қыз болады деп УЗИ-де айтты. Басында екеу деді, одан кейін үшеу деді. Өте қатты қуандық. Бірақ қазақтың салтымен ешкімге айтпан жоқпыз.

Әсел Неғметова,  облыстық Перинаталдық орталықтың бөлімше меңгерушісі:

- Осы жылдың ең алғашқы үшемдері. Үшеуі де қыз бала. 34 апталық мерзімде операциямен алынды. Туған кезде екі келіден жоғары болды. Біріншісі 2 240 келі, 2 230 және 2 700 келі. Балалардың жағдайы жақсы, мамасының да жағдайы жақсы. Балалар алтыншы емханаға шығарылып жатыр.