Петропавлда «Копай» шағын ауданында көпқабатты тұрғын үйлер заңсыз салынбақшы болған

Мұндай олқылықты өңір прокурорлары анықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Нақтырақ айтсақ, жеке сектордағы 5 бірдей жер учаскесі мемлекетке қайтарылмай тұрып, құрылысшылар мұнда жұмысты бастап кетуді жоспарлаған. Ол үшін қалалық әкімдіктегілер жалпы сомасы 2,8 млрд теңгеге мемлекеттік сатып алу жүргізген. Құзырлы орган өкілдері бармақ басты, көз қысты әрекетке жол бермек болғандардың ісін әшкере қылды. Нәтижесінде жоба уақытша тоқтатылды.

Әмір Рахимов, қалалық прокуратураның прокуроры:

- Аталған факті тұрғындардың өтініштерінің нәтежесінде анықталып отыр. Қадағалау актісіне сәйкес барлық қаржы республикалық бюджетке қайтарылды. Жалпы өңірде мемлекеттік сатып алу саласында барлығы 3,5 млрд теңгеден астам сомаға 15 конкурстың нәтижесі жойылды. Осылайша бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді.