Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрғандар сотталды

Ақтөбеде кезекті қаржы пирамидасын құрған қылмыстық топқа қатысты үкім шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сот ұйымдастырушы деп таныған тұлғаға 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Тергеу күмәнді қаржы институтының арбауына 800-ге жуық адамның түскенін анықтаған. 4 млрд теңге көлемінде ақша жымқырылыпты. Оңай олжаға кенелем дегендер 150 мыңнан 40 млн теңгеге дейін салған. Тәртіп сақшылары қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, қаржы пирамидасын құру секілді баптармен іс қозғады. Енді сот үкімімен жауапқа тартылғандар зардап шеккендердің ақысын қайтаруы тиіс.

Жанас Қуанышев, №2 қалалық сотының судьясы:

- Аймағамбетовке түпкілікті 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, 7 жыл қаржы ұйымдарын басқаруға тыйым салынсын. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеу тағайындалды.