Тараздық оқушылар аязды күні жылулық сыйлайтын акция бастады

Мектеп оқушылары қар күреп жүрген жұмысшыларға, ыстық бауырсақ пен шәй және түрлі тәттілер таратуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Игілікті істі бірнеше күн бұрын шаһардағы №56 мектептің волонтерлері бастаған. Іле-шала қалған білім ошақтары жалғастырып жатыр. Оқушылар қолдан келгенше қар күреп, қолғабыс етуде.

Айта кетерлігі, 1 апта бұрын Таразда қалың қар жауып, аяз күшейген еді. Мұндай сәтте коммуналдық қызметшілердің жұмысы еселенетіні белгілі. Тек Тараз көшелеріне күнделікті 300-ге жуық тазалық сақшысы жұмысқа шығады. Олар күннің суықтығына қарамастан қоғамдық орындарды тазалап, автобус аялдамаларындағы мұзды ояды. Олардың бұл еңбегі қандай құрметке болса да лайық, - дейді оқушылар.

Арайлым Орынбасар, оқушы:

- Мұндай сауапты істі біз Қазақстандағы барлық елдерге жолдағымыз келеді. Себебі бұл –  игі іс, сонымен қатар сауапты іс. Үлкен кісілерге көмек көрсеткен ол дұрыс нәрсе деп ойлаймын.

Гүлзипа Көпбаева, "Жасыл-Ел Тараз" жұмысшысы:

- Балалардың көмектесіп келгеніне қуанып қалдық. Апасындай, немереміз болып, соған қуанып отырмыз. Балаларымыздың ниеті жақсы екен. Болашағы зор болсын.

Сондай-ақ...