Қызылордалық полицейлер 10 мас жүргізушіні ұстады

Қызылордалық полицейлер 10 мас жүргізушіні ұстады

Қызылордалық полицейлер рейд барысында масаң күйде көлікті басқарған 10 жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласы ПБ патрульдік полиция батальон инспекторлары жол қауіпсіздігін алдын алу және жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында қаңтар айының 13-16 күндері аралығында рейд барысында 928 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде 10 жүргізуші мас күйінде көлік құралын жүргізгені үшін ұсталды. Мас күйінде көлік жүргізу деректері бойынша полицейлер әкімшілік хаттама толтырып, тиісті шешім қабылдау үшін құжаттарды сотқа жолдады. Жүргізушінің қауіпсіздік белдігін тақпаудың 86 дерегі, автокөлікті басқару кезінде ұялы телефонды пайдаланудың 40 дерегі, жаяу жүргіншілердің жүруіне басымдық бермеудің – 21, жаяу жүргіншінің жол ережесін бұзуының 18 дерегі анықталды.