loader

Құтқарушылар Крещение Господне мерекесі кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы айтты

Құтқарушылар Крещение Господне мерекесі кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы айтты

Әлемнің барлық православие өкілдері 19 қаңтар күні Крещение Господне мерекесін атап өтеді, деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Облыстың 8 қаласы мен ауданында (Өскемен қ., Риддер қ., Алтай ауданы және Глубокое, Катон-Қарағай, Күршім, Ұлан, Шемонаиха аудандары) жергілікті атқарушы органдар мерекелік рәсімдерді өткізуді жоспарлауда. Өңірде барлығы рұқсат берілген 20 шомылу орны анықталды: Өскемен қаласы-2, Риддер қаласы – 3, Алтай ауданы - 4, Күршім ауданы-1, Катон-Қарағай ауданы -1, Ұлан ауданы–2, Глубокое ауданы - 3, Шемонаиха ауданы -4.

Өскеменде Сол жағалау этнографиялық кешенінің жанында және Аблакетка ауданындағы ғибадатхананың жанында 2 ресми орын жұмыс істейтін болады.

Азаматтардың қауіпсіздігі үшін құтқарушылардың, жергілікті атқарушы органдардың, жедел жәрдем дәрігерлерінің және Апаттар медицинасы орталығының, полиция қызметкерлерінің жеке құрамынан 271 адам мен 65 бірлік техникасы кезекшілік ететін болады.

ШҚО ақпараттық орталығында өткен брифингте Өскемен шіркеу округінің протоиерейі Евгений Яганов: "Мен шіркеуге келушілердің шомылдыру рәсімінен өткен мерекені рухани шара ретінде қабылдауына назар аударғым келеді. Крещение Господне мерекесі кезінде мұзды суға шомылу рәсімі міндетті шарт емес. Мереке дұғамен, шіркеуге барумен, әдепті мінез-құлықпен және игі істермен атап өтіледі" – деді.

ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқановтың мәліметінше, «Шомылу орындарында жергілікті атқарушы органдар суға түсетін баспалдақ орнатып, жарық қояды, жылы шатырлар орнатады. Ал біздің қызметкерлер суға қауіпсіз кіріп-шығуды қамтамасыз етеді» - деді.

Құтқарушылар сондай - ақ шомылуға барғанда «киініп-шешіну» процесі мүмкіндігінше аз уақыт алуы үшін ыңғайлы киіну керек екенін атап өтті. Айтпақшы, қарда жалаң аяқ қалмас үшін жылы төсеніш, сүлгі және ыстық шай алған дұрыс болады. Шомылу рәсімін құтқарушылар, жедел жәрдем дәрігерлері кезекшілік ететін арнайы жабдықталған орындарда ғана жүргізуге болады.

Шомылу алдында денені қыздырып алу үшін жаттығу жасаңыз. Суға ыңғайлы, тайғанамайтын және оңай шешілетін аяқ киіммен түсу керек. Ми тамырларының тарылуын болдырмау үшін басыңызды суға сұқпай, мойынға дейін ғана кірген дұрыс. Балалардың тек ата-аналарымен бірге шомылуы ғана рұқсат етіледі. Судан шыққан соң сүлгімен сүртініп, ыстық шай ішіңіз. Алкоголь ішуге болмайды.  

Сондай-ақ...