Киіктер миграциясы жеңілдетілді

Киіктер миграциясы жеңілдетілді

Биыл Ұлытауда киіктің нөпірі қалың, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе облыстың Бетпақдаламен шектесетін Жаңаарқа ауданында ақбөкендер ауыл іргесіне дейін жетті. Мамандар мұндай жағдай ашатұяқтылар миграциясының сақталмауынан болып отырғанын айтады. Киіктер арқаның 6 ай қысында оңтүстікке қарай жылыстайтын. Биыл теміржол бойындағы сымдар мен биік үйінділерден өте алмай, оңтүстік аймақтарға кешігіп жатыр. Сондықтан киіктер үшін аса қауіпті аумақ  саналатын теміржол бойындағы торлар ашылып, жолдары қардан тазартылды. Бұл жұмыстарды Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің инспекторлары «Охотзоопром» мекемесі мен облыстық басқармалардың мамандарымен бірлесе атқарды. Бүгінде Жаңаарқа ауданында мониторинг бойынша 35 мың бастай киік шоғырланып жүр.

Закария Тұралиев, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы:

- Киіктің өзі із салған жолымен зерттеп, сол жерден негізінен теміржол ашылды. 200 метрдей жер. Охотзоопром инспекторларымен және біздің инспекция қызметкерлерімен бағыттап, сол жерлерден, ашық жерлерден өткізетін боламыз.