loader


Солтүстік Қазақстан облысында эпизотиялық жағдай тұрақты

Құтырманың алдын алу үшін биыл өңірде 171 мыңнан астам малға вакцина салынады. Арнайы жоспар бекітілді, деп хабарлайды «Хабар 24»

Сәтін салса, бұл жұмыстар ақпан айында басталады. Ресей Федерацияның Омбы облысында құтырма ауруының 3 бірдей ошағы анықталған. Осыған байланысты 13 наурызға дейін көрші елде карантин жарияланды. Ал бұл аймақ Солтүстік Қазақстан облысымен де шектесетінін, айта кетейік. Қауіп те жоқ емес. Сондықтан жабайы аңдар да назарға алынды.  

Қайырлы Қазанов, облыстық Ветеринария басқармасының бөлім басшысы:

- Өткен жылы өңірде осы індетке қарсы екпе 167 мың мал басына қойылды. Биылғы көрсеткіш одан да көп. Сондай-ақ жабайы аңдар жүретін аумақтарға  арнайы брикет түріндегі дәрілер қойылды. Бұл шаруалар алдағы уақытта жалғасатын болады. Жалпы соңғы жылдары біздің облыста құтырма ауруы тіркелген жоқ.

Сондай-ақ...