Атырауда алаяқтықпен айналысып келген күдікті ұсталды

Ол кәсіпкерлікті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламадан грант алып беремін деп 25 адамнан 30 млн теңгені иемденіп кеткен, деп  хабарлайды «Хабар 24».

Қалалық полиция басқармасы қызметкерлерінің қырағылығы арқасында күдікті құрықталып, абақтыға қамалды. Тексеру барысында 1992 жылы туған азаматшаның бұған дейін де Алматы облысында осындай қылмыс жасап, сотты болғаны анықталып отыр.

Асхат Есенов, №2 қалалық полиция бөлімшесінің басшысы:

-Тексеру барысында оның 1992 жылы туған Алматы қаласының тұрғыны екені анықталды. Қазіргі уақытта күдікті қамауда. Аталған дерек негізінде ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп тексеру басталды.