Дөрекі тәрбиешілер жұмыстан шеттетілді

«Елордадағы инклюзивті балабақшада болған жантүршігерлік оқиға қайталанбауы тиіс. Балаларды қорлауға, жәбір көрсетуге жол бермеуіміз керек». Еліміздің Бас прокуроры өзінің Twitter-дегі парақшасында осылай деп жазды.

Берік Асылов аталған дерек бойынша қозғалған қылмыстық істің тергеу барысы бақылауға алынғанын мәлімдеді. Ал бүлдіршіндерді қорлағандар заң алдында жауап береді.

Еске салайық, 17 қаңтарда елорда тұрғыны «Балам-Ай» орталығындағы кәмелетке толмаған баласына қатыгездікпен қарау фактісі бойынша полицияға жүгінді. Ішкі істер министрлігі Астанадағы ерекше балаларды ұрып-соққан тәрбиешінің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.