4,5 мыңға жуық алматылық қаржы пирамидаларының құрбаны болған

Өткен жылы 4,5 мыңға жуық алматылық қаржы пирамидаларының құрбаны болған. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің басшысы Арыстанғали Заппаров Қоғамдық кеңес алдында есеп беру кезінде хабарлады.

Шаһарда тіркелген аялақтық жөніндегі істердің көбі осы қаржы пирамидаларымен байланысты екен. Мысалы, Muda-rabah Capital-ға қатысты 179 эпи-зод, «Оскар медикал» бойынша 298 эпизод және Qi Trade-тен 4 мыңнан астам жәбірленуші тіркелген.

Айта кетейік, «Кибер-бақылау» ақпараттық жүйесі арқылы заңсыз сайттарды анықтау мақсатында елімізде 800-ден аса күмәнді парақшалар бұғатталған.